Павлодарда мектеп мұғалімі есірткімен ұсталды

Педагог қызметін тиісінше бақыламағаны үшін мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды.

Павлодарда мектеп мұғалімі есірткімен ұсталды
pixabay

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2023 жылдың қазан айында 26 жастағы павлодарлықты полиция қызметкерлері психотроптық зат алып жүргені үшін ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-сілтеме жасап.

Ұстау кезінде жігіттің жанында әйелі болды. Анықталғандай, ол психотроптық заттарды пайдаланады және облыс орталығындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Тергеуші білім беру органдарына ұсыныс жолдады, ол бойынша шешім қабылданды,- деді облыстық ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Шешім бойынша дене шынықтыру мұғалімімен еңбек шарты бұзылды. Сонымен қатар, педагог қызметін тиісінше бақыламағаны үшін мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды.