«Түсінбей жатқандар бар»: Балжан Бидаш бағдарламадағы жұбы жайлы айтты

Балжан Бидаш футболшыға алғыс айтты.

«Түсінбей жатқандар бар»: Балжан Бидаш бағдарламадағы жұбы жайлы айтты
instagram.com/bidash_official

Танымал эстрада әншісі Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевқа қатысты мәлімдеме жасады. Өнер иесі өз сөзін Instagram парақшасында жариялады.

Ол Ұлан Қонысбаевпен бірге отандық жобадан шығып қалғанын айтып, көпшіліктің үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ ол тыңдарман енді өзін футболшымен бірге көрмейтінін атап өтті.

«Әлі түсінбей жатқандар бар екен. «Егіз-лебіз» жобасынан біз шықтық. Енді Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер», - деп жазды әнші.

Балжан Бидаш жоба мақсаты екеуін әдемі жұп ретінде көрсету болғаны да айтты.

«Бұл - шоу! Жоба екеуін әдемі жұп ретінде көрсеткісі келді. Ол жүзеге асқандай, өйткені бұл жұптың көрермені көп болды», - делінген жазбада.

Сөз соңында Балжан Бидаш футболшыға алғыс айтты.

«Ұлан, жарайсың. Жасыл алаңнан сахнаға жарқ етіп кіре салдың, бұл да ерлік! Алдағы жетістіктерің көп болсын!», - деді ол.