«Ішек инфекциясы белгілері бар»: Екібастұзда тойға келген қонақтар жаппай уланып қалды

Ауруханаға жалпы саны 32 адам қаралған.

«Ішек инфекциясы белгілері бар»:  Екібастұзда тойға келген қонақтар жаппай уланып қалды
total.kz

Қалалық ауруханаға отыз шақты адам жүгінген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірден бастап қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне тамақтан улану және бактериялық ішек инфекциясы белгілері бар пациенттер жаппай жүгінді.

"Эпидемиологиялық анамнездіжинау кезінде олардың барлығы 13 сәуір қарсаңында қаланың кафелерінің бірінде өткен іс-шараның қонақтары екені анықталды. Емделушілер қабылдау бөлімшесінде қаралғаннан және шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін (асқазанды шаю) инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Барлығы 14 сәуірден 15 сәуір сағат 17:00-ге дейінгі аралықта 32 адам жүгінді, оның төртеуі ауруханаға жатқызудан бас тартты, қалғандары қазіргі уақытта ем алуда. Науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде қарастырылады", – дейді басқармада.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану жағдайы бойынша басқарма мейрамханаға қатысты ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды.