Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары биылғы 1 маусымнан жүре бастайды.
ҚазАқпарат ұсынған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқы кезде 54 пойыз қатынай бастайды:
Нұр-Сұлтаннан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда;
Атыраудан – Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатан бағыттары бойынша және қаламаңы бағыттары.
Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай, сонымен бірге көрші елдермен келіскеннен кейін 15 пойызды жүргізу көзделген:
«Қазіргі кезде (осы жылы 15 мамырдан бастап) жолаушылар билеттері сатылып жатыр. Барлық инфраструктуралық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын. Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады», – деді министрліктен.