Әлемдегі алғашқы «интернет-кондиционер»

Әлемдегі алғашқы «интернет-кондиционер»

Әлемдегі алғашқы «интернет-кондиционер»
ашық дереккөзі
  Енді сіз кез-келген жерде отырып-ақ өз бөлмеңіздің ауасын реттей аласыз. Иә, қытайлық Hisense компаниясы мұндайды да ойлап тапты. Бұл қалай дейсіз бе? Ауа мұздатқышын ғаламторға қосу арқылы. Яғни, кез келген ара қашықтықта жүріп-ақ, телефоныңызға енгізілген бағдарлама арқылы  жұмыс бөлмеңіздің, жалпы осы салқындатқыш орнатылған кез келген жердің ауа температурасын өз қалағаныңыздай  реттей аласыз. Ғалымдардың мұндай технологияны ойлап табуы көңіл қуантарлық жайт. Жаңа құрылғыны күнделікті өмірімізде қолдануға әбден болады. Аталмыш құрылғыны ойлап табуға Hisense бұрынырақта жасалған ақылды теледидар мен тоңазытқыштың әсер еткендігін тілге тиек етеді. Бір өкініштісі, бұл туынды сатылымға әлі түсе қойған жоқ. Күтіңіз, болашақта мүмкін сіздің де үйіңізден орын алып қалар.

Қали Карымхан