Қазақ баласы ТМД-ның үздік студенті атанды

Қазақ баласы ТМД-ның үздік студенті атанды

Қазақ баласы ТМД-ның үздік студенті атанды
ашық дереккөзі
Алматы қаласындағы Халықаралық IT университетінің 1 курс студенті Санжар Құрмамбаев ТМД аумағындағы оқу орындары арасында ең үздік студент-2019 мәртебесіне ие болды. Санжар Құрманбаев - "Алтын белгі" иегері, физикадан республикалық олимпияданың екі дүркін чемпионы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп түлегі. [gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNVwvMjAxOTA1MjBfMTgxMTQ5LmpwZyIsInRpdGxlIjoiMjAxOTA1MjBfMTgxMTQ5IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNVwvMjAxOTA1MjBfMTgxMjExLmpwZyIsInRpdGxlIjoiMjAxOTA1MjBfMTgxMjExIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNVwvMjAxOTA1MjBfMTgxMjAwLmpwZyIsInRpdGxlIjoiMjAxOTA1MjBfMTgxMjAwIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNVwvMjAxOTA1MjBfMTgxMjA2LmpwZyIsInRpdGxlIjoiMjAxOTA1MjBfMTgxMjA2IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="] "Мен "Үздік студент 2019 ТМД" байқауы жайлы инстаграмнан білдім. Және де шынымен қатысып, жеңгім келді. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы "Нұр-әлем" ЭКСПО кешенінде болды. Бұл жарысқа ТМД бойынша 700 студент іріктеліп, ең үздік 100 студент қатыстық. Мен өз мемлекетімді, оқу орнымды танытқаныма қуанамын, және біз Қазақстанның интеллектуалды элитасы екенімізді әрқашан мақтана айтамын", - дейді Санжар өз сөзінде. Былтырғы жылдың қысында Санжар Республикалық байқауда "Uzdik Student"  номинациясын жеңіп алған еді. Байқауда білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша ТМД-ның үздік студенттер анықталды. Студенттерді Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы марапаттады.

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ