Алматыда режиссер Шәкен Аймановтың мүсіні орнатылды

Алматыда режиссер Шәкен Аймановтың мүсіні орнатылды

Алматыда режиссер Шәкен Аймановтың мүсіні орнатылды
ашық дереккөзі
Алматыда қазақ режиссері Шәкен Аймановтың мүсіні орнатылды. Мүсін қоладан соғылған. Авторы – мүсінші Нұрлан Далбай. Демеушілікті белгілі меценат Нұрлан Смағұлов көрсетіп отыр.  «Дәл осы жерде – «Алматы» қонақ үйі маңында Шәкен Аймановтың ең көрнекі картиналарының бірі – «Тақиялы періште» фильмі түсірілген болатын. Шәкен Айманов тірі кезінде осы жерде жұмыс күнін өткізген. Мүсін орнатылған аумақ алматылықтардың және шаһар меймандарының сүйікті орнына айналар деген үміттемін. Шәкен Айманов мүсінінің пайда болуы – тарихи оқиға десек те болады», – дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек. Мүсіннің ашылу салтанатына белгілі өнер қайраткерлері Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегеновалар қатысты.