Тарихта алғаш рет: Дмитрий Панарин бадминтоннан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Ол еліміздің бадминтоннан барлық санаттағы Олимпиялық ойындарда сынға түсетін тұңғыш спортшысы болады.

Тарихта алғаш рет: Дмитрий Панарин бадминтоннан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Olympic.kz

Бадминтоннан Қазақстан командасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасына жолдама алды. Ол аталған спорт түрінен Олимпиада ойындарында сынға түсетін алғашқы қазақстандық спортшы болмақ.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 13 түрінен 33 олимпиада лицензиясы бар.