Бес облыстағы 11 автожол жабылды

Қазір республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.

Бес облыстағы 11 автожол жабылды
AMANAT

"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы мәліметті жариялады.

17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды, - делінген хабарламада.

Жалпы 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.