Әнші Жігер Ауыпбаев әкесіне бағалы сыйлық жасады

Өнер иесі әкесін құттықтап, желіде әсерлі жазба арнады.

Әнші Жігер Ауыпбаев әкесіне бағалы сыйлық жасады
instagram.com/jiger_auypbaev_official

Әнші Жігер Ауыпбаев Instagram-дағы парақшасында әкесін туған күнімен құттықтап, тосынсый жасағанын көрсетті.

«Әке туған күніңіз құтты болсын! Кішігірім сыйлығымды қабыл алыңыз. Бұл бастамасы ғой. Үлкен көлік, үлкен сыйлықтар бұйырса алда болады», - деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Видеодағы кадрдан әншінің анасы мен әкесін көлік дүкеніне әкелгенін көруге болады. Кейін Жігер Ауыпбаев әкесіне көлік кілтін табыстайды.