Ұлттық құрамадан шығарылған Ангелина Лукас Олимпиада жолдамасын алу үшін спарринг кездесу өткізеді

Ангелинаға Олимпиада жолдамасына таласуға мүмкіндік берілді

Ұлттық құрамадан шығарылған Ангелина Лукас Олимпиада жолдамасын алу үшін спарринг кездесу өткізеді
olympic.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (7-1-0, 3 КО) 8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылды, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, спаррингтік кездесулердің қорытындысы бойынша, бапкерлер алқасы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін Әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Сәйкесінше, маңызды додаға іріктеу спаррингтері болғандықтан боксшылар өз салмақ дәрежелеріне сай болуы керек. Әйтсе де, салмақ бойынша сәл ауытқушылыққа рұқсат етіледі.

Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені, Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенконың қолы әлі жазылған жоқ. Сондықтан, бапкерлер алқасы Волосенконы да және оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны кейінірек өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болады.

50 келі:
Назым Қызайбай (1993)
Алуа Балқыбекова (1996)

54 келі:
Анель Сақыш (2000)
Жайна Шекербекова (1989)
Ангелина Лукас (1997)
Балауса Мұздыман (1997)
Элина Базарова (2004)
Ұлжан Сәрсенбек (2005)
Сымбат Әлиасқар (2004)

66 келі:
Жасмин Қизатова (2002)
Лаура Есенкелді (2000)
Наталья Богданова (1999)
Дариға Шәкімова (1988)

75 келі:
Гүлсая Ержан (2001)
Валентина Хальзова (1996)
Жібек Жарасқызы (2003)