11 Наурыз, 16:44 336 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирус: Бельгияда алғашқы өлім тіркелді

Бельгияда коронавирустан көз жұмудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы  Belga агенттігі хабарлады.

Жуырда ел билігі жабық ғимаратта мыңнан астам адамның қатысуымен өтетін бұқаралық шараларға тыйым салған болатын.  Бұған  Еуроодақ аумағында коронавирус инфекциясының өршуі себеп.

Әзірге Бельгия мектептерінде сабақ тоқтатылған жоқ. Кәсіпорындардың жұмысы да жалғасуда. Алайда елдің премьер министрі София Вильмес азаматтарды мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге және іскерлік кездесулерді кейінге қалдыруға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда мектептер онлайн режимге көшуі мүмкін екенін хабарлағанбыз. Бас са­ни­­тарлық дәрігер Жан­дар­бек Бекшиннің айтуынша,  елде Сovid-19 тіркеліп, та­ралған жағдайда отандық білім ор­да­лары қашықтықтан оқы­туға көшуі ықтимал.

Бұл шара тек жоғары оқу орындары мен колледждерді ғана емес, мектептерді де қамтымақ.

Соңғы жаңалықтар