Air Astana тарифтерін төмендетеді

Air Astana тарифтерін төмендетеді

Air Astana тарифтерін төмендетеді
ашық дереккөзі
Қазақстанның Президенті «ашық аспан» бағдарламасы арқылы елімізге көбірек әуе­ком­панияларды тарту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар ел ішіндегі әуетасы­мал­дарға қолжетімді тарифтер ар­қы­лы Қазақстан азаматтарының мо­бильдігін қамтамасыз ету қажет­тілігін атап өтті. Фостер мырза Air Astana толығымен «ашық аспан» бағ­дарламасын және қазіргі таңда қазақстан­дық тасымалдаушылар орындамайтын бағыт­тарда әуе кеңістігінің 5-ші деңгейін шетел әуе­компанияларына беруді қолдайтынын айт­ты. Әуетасымалдарға тарифтер жайында Фостер мырза FlyArystan ішкі бағыттарда әлем­дегі ең арзан тарифтердің бірін ұсына­ты­ны, соның нәтижесінде Қазақ­стан әлемдегі әуе тасымалы бойынша ішкі нарығы жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылғаны туралы хабарлады. Дегенмен Питер Фостер әуе­билеттеріне сұраныс шарық­таған кезде, тура ұшар алдында сатып алынатын эко­ном-кластағы тарифтер біршама жо­ғары болуы мүмкін деп мойындады және Нұр-Сұлтан мен Алматы, Алматы мен Атырау, Нұр-Сұлтан мен Атырау ара­сын­да­ғы ба­ғыттарда бұл тарифтерді тез ара­да 10%-ға төмендетуге міндеттеме бер­ді. Президент Тоқаев дүниежүзілік қар­жы ор­талықтарына рейстерді ашу туралы, атап айт­қанда Қазақстан мен Сингапур ара­сындағы рейстерді ашу туралы сөз қозғады. Фос­тер мырза Сингапур қа­зақстандықтарға біршама қымбат бағыт болғанымен Сингапур азаматтары­ның Қазақстанға сапар шегу әлеуеті, әсі­ресе Өзбекстанға қоса барғанда зор деді. Фостер мырза Сингапурдан көшпелі ту­­ризмді дамыту үшін және биыл тікелей рейстер ашу үшін Мәдениет және спорт министрлігімен жұмыс істеуге міндеттелді. Air Astana басшысы компанияның әуе паркін жаңарту бойынша шаралар туралы баяндады. Қа­зіргі таңда Boeing-757 ұшақтары ұзақ жол­ға арналған Airbus А321LR әуе кемесіне алмас­ты­рылып жатыр, ал 2023 жылға дейін Boeing-767 ұшақтары Boeing-787 ұшақтары­мен алмастырылады. Фостер мырза Boeing-757 ұшақтары әуекомпаниясы флотынан шы­ғарылғаннан кейін Air Astana әлемдегі ең жаңа ұшақтар әуепаркінің бірі болып, 2022 жылдың соңында жалпы ұшақ саны 54 бірлікке дейін жетпек деді. Кездесу соңында Пре­зидент Тоқаев еліміздің көлік инфра­құры­лымының дамуында Air Astana-ның маңыз­ды үлесін атап өтті. Фостер мырза Мем­ле­кет басшысын ұлттық тасымалдаушы авиа­ция сала­сындағы барлық ұлттық басым­дықтарды толығымен жүзеге асыруға қамтамасыз ететініне сендірді.

Серік ӘЛІМЖАНОВ,

 Алматы