Министрлік коронавирус тараған кемедегі қазақстандықтармен бірге ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады

ашық дереккөзі

Денсаулық сақтау министрлігі Diamond Princess лайнерінде болған 4 қазақстандықпен бірге Токиодан Нұр-Сұлтанға ұшып келген 16 жолаушыдан кешірім сұрады. Жолаушыларға вирус тараған кемеде болған азаматтармен бірге ұшатыны, елге келген соң 14 күн карантинге жатқызылатыны жөнінде ескертілмеу себебі түсіндірілді. 

Айта кету керек, шешім барлық қойылған шарттармен және қысқа мерзім шеңберінде бір мезгілде қабылданды", - деді ведомсвто өкілдері. 

Министрліктің хабарлауынша, қазір барлық жолаушы мен экипаж мүшелері Нұр-Сұлтан қаласынан 7 шақырым жердегі медициналық мекемеде тәулік бойы дәрігерлер бақылауында. 

Сараптама үшін алынған сынамалар Алматы қаласындағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. 

Еске сала кетейік,  Жапонияның Токио қаласынан оралған "Кешью" тобының директоры Назым Басқынбаева Diamond Princess круиздік лайнерінде болған 4 қазақстандықпен бірге ұшып келгені үшін  жауапты ведомстволардан өтемақы төлеуді талап еткен болатын