Ақмола облысында 125 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Ақмола облысында 125 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Ақмола облысында 125 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін
ашық дереккөзі
Ақмола облысында 125 елді мекеннің су астында қалу қаупі бар.  Мамандардың айтуынша, ең қауіпті аймақтар – Ерейментау, Целиноград, Аршалы, Астрахань, Атбасар мен Сандықтау аудандары. Қазір облыста көктем маусымына дайындық басталды. 700 мың текше метр қар полигондарға шығарылды. Қауіп төнген жағдайда топан судың жолын бөгейтін 6 тоннадан астам инертті материал дайындалған. Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Алексей Советовтің сөзіне сүйенсек, көктемгі су тасқынымен күреске 2 мыңдай маман дайын. 979 техника әзірленген. Инерттік материалдар, жанар-жағармай мен қаптар да даярланыпты. Қажет болса, оңтүстік өңірлерден құтқарушылар көмекке келмек.