Атырау облысында Қытай азаматы қайтыс болды

Атырау облысында Қытай азаматы қайтыс болды

Атырау облысында Қытай азаматы қайтыс болды
ашық дереккөзі

22 ақпанда Қарабатандағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылыс алаңы аумағында 50 жастағы қытайлық қайтыс болды.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, Қытай азаматы қажетті медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан қарамастан көз жұмды. 

Марқұм 21 ақпанда  өзін нашар сезініп, медициналық пунктке жүгінген. Онда оған қан қысымының жоғарылауы диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілген. Таңертең асханаға барар жолда ол өзін тағы нашар сезініп, есінен танып қалыпты.

Сараптама қорытындысы бойынша  дәрігерлер өлім ми қан айналымының бұзылуынан болған деген қорытынды жасады. 

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмнан коронавирус белгілері байқалмаған.