Коронавирус: инкубациялық кезеңінің жаңа мерзімі аталды

Коронавирус: инкубациялық кезеңінің жаңа мерзімі аталды

Коронавирус: инкубациялық кезеңінің жаңа мерзімі аталды
ашық дереккөзі
Қытайда коронавирус COVID-2019 инкубациялық кезеңінің жаңа мерзімі аталды. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Ел билігі ауру жұқтырғаннан бастап ауру белгілері байқалғанға дейін 27 күн өтуі мүмкін деп мәлімдеген. Бұрын ауру жұқтырғаннан кейін екі аптадан кешіктірмей өзін көрсетеді деп саналды. Жаңа деректер эпидемияны тежеуді қиындатуы мүмкін. 24 қаңтарда Қытайдың 70 жастағы тұрғыны Цзянның Эчжоудан қайтып келіп коронавирус жұқтырған туысын жолықтырған. Ал әлсіздік және жоғары температура сияқты алғашқы симптомдарды ер адам тек 19 ақпанда сезінді. РИА Новости хабарлағандай, билік жұқтырғандармен «жақын байланыс» анықтамасын өзгертті. Қытай ауруларды бақылау орталығының төтенше орталығының қызметкері Сян Ницзюань айтуынша, бұл вирус симптомдар пайда болғанға дейін екі күн бұрын берілуі мүмкін. «Енді науқаспен ауырып қалғанға дейін екі күн бұрын қарым-қатынаста болған адамдарды осы анықтамаға қосу керек, оларға да медициналық бақылау орнату керек», – деді ол. Коронавирустың індеті алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында 2018 жылдың желтоқсан айының соңында тіркелді. Қытайдан басқа, ауру жағдайлары 20-дан астам елде анықталған. Вирус адамнан адамға беріледі. Оның симптомдары жоғары температура, тез шаршау және қақырықпен жөтел болып табылады. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жаңа аурудан 2345 адам қаза тапқан.