Ойын автоматтарына 5 миллион теңге ұтылған. Әкімдік неге қауқарсыз?

Ойын автоматтарына 5 миллион теңге ұтылған. Әкімдік неге қауқарсыз?

Ойын автоматтарына 5 миллион теңге ұтылған. Әкімдік неге қауқарсыз?
ашық дереккөзі
Алматы облысында ойын автоматтарына миллиондап қаржы ұтылған бір топ азамат құрылғылардың көзін жоюды талап етуде, – деп жазды ҚазАқпарат. Шағымданушылар ондай автоматтар мектептің қасында, халық көп жиналатын сауда орындарында тұрғанын айтады. Әкімдік автоматтар жөнінде заң орындарына хат жолдаған. Наразылық танытқан тұрғындардың кейбірі ойын автоматтарына миллиондаған ақша ұтылған. Олардың айтуынша, ауылдағы дүкендерде терминалдың 40-50-і тұр. Тұрғындар әкімдікке де барған, заң орындарына да шағымданған. «Талай ата-ана зар жылап отыр, балалары осыған кіріп кетіп. Оның бірі – менмін. Баламды ұстай алмай қалдым. Өзінен өзі ақшасының бәрін осындайға жоқ қылып, ең ақыры өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды», – дейді Тұрар ауылының тұрғыны Оңғарбай Ерімбетов. Жиналғандар осы ойын автоматтары талай отбасын ойрандап кеткенін айтады. «Аптасына 20-30 мың тапсам, осыған кетеді. Оны бәрі біледі. Отбасымен ажырасып, бала-шағамнан айырылып қаламын, қайтып қосыламын. Сөйтіп жүрмін», – деді Шамалған ауылының тұрғыны Азамат Алпысбаев. «Қаншама ұрлық, төбелес шығады. Керек емес бұл, алып тастасын. Мен ойнағалы үш миллиондай ақша салып тастадым бұған», – деді сол ауылдың тұрғыны Саламат Қадыров. Үш миллион теңге Саламаттың алты айда ұтылған қаржысы. Ал тағы бір жігіттің ағасы 5 миллион теңге құйыпты. «Ауыл халқынан шағым жиі түседі» деген әкімдік автоматтардың жұмысын тоқтата алмай отыр. Қарасай ауданы Жібек жолы округі әкімінің орынбасары Алмат Қалабаев: «Экономикалық тергеу департаментіне хат жолдадым. Маған жауап келді, ресми хат та бар. Бұл автоматтардың барлығы – лоторея, барлығы заңға сәйкес тексердік делінген», – дейді. «Құрылғылардың иесінен дүкен иелері ай сайын ақы алады» дейді наразы топ. Ойын автоматтарынан әбден ұтылғандар құрылғылардың көзін жоюды талап етуде.