Министрлік қару ұрлап қашқан әскери қызметкерге қатысты пікір білдірді

Министрлік қару ұрлап қашқан әскери қызметкерге қатысты пікір білдірді

Министрлік қару ұрлап қашқан әскери қызметкерге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
 Қорғаныс министрлігі Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінде орын алған оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді.  "Шымкент қаласының маңындағы әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінен келісімшарт бойынша кіші сержант А. Балғынбай  бөлімнен өз еркімен шығып кеткен. Ол сол кезде кезекші ретінде кезекті ауысым құрамында болған. Сол уақытта қару сақтау бөлмесінде атыс қаруларының саны түгел емес екені анықталды. Құқыққорғау органдары мен әскери полиция әскери қызметкер мен жоғалған қаруды табу үшін, сонымен қатар  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті шұғыл-іздеу шараларын қабылдады", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.