Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді. «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя Президентке науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты. – Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба, – деді Президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде. Кездесу соңында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі.