Партияның пәрменімен бір ауыл газбен қамтылды

Партияның пәрменімен бір ауыл газбен қамтылды

Партияның пәрменімен бір ауыл газбен қамтылды
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов аудандық филиалы Сарықұдық ауылын толығымен газбен қамтамасыз етуге жәрдемдесті. Сарықұдық ауылындағы Тәуел­сіздік көшесінің тұрғындары газбен жабдықтау мәселесін шешу үшін  Nur Otan партиясының аудандық филиа­лына жүгінген болатын. Айта кетерлігі, бұл ауылға 2019 жылы газ құбыры тар­тылғанымен, бойында фельдшер­лік-акушерлік пункт және 18 тұрғын үй орналасқан Тәуелсіздік көше­сіне ға­на газ жүргізілмей қалған болатын. Бұл мәселені шешу мақсатында  Nur Otan партиясының Қазталов аудандық филиалы аудандық мәслихат депутаты Н.Жолдыбаевпен кездесу өткізді. Кез­десу нәтижесінде депутат құны 260 000 теңге тұратын газбен жаб­дықтау жо­басына қаражатты өз қал­тасынан жұм­сайтын болып келісілді. Осылайша, биылғы жылдың қаң­тар айының басында Тәуелсіздік кө­шесінің тұрғындары толығымен газ­бен қамтылды.