20 Ақпан, 08:34 307 0 Саясат Túrkistan Gazeti

БАҚ-ты қолдауға нақты шаралар қажет

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Бұл туралы Пре­зи­денттің баспасөз қыз­меті хабарлады.

Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақ­параттық саясатының тетіктерін жетілдіру, аза­маттық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жас­тардың бастамалары мен жобаларына қолдау көр­сету, сондай-ақ диаспоралық және діни саясат ба­ғы­тында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиім­ді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақ­ты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға аза­мат­тық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» қағидат­тарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-ме­дианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қа­былдау жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар