19 Ақпан, 14:00 1963 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кімдерге жеңілдетілген қарыз берді?

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев былтыр Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 527 млрд теңгеге 50 мыңнан астам жеңілдетілген қарыз бергенін айтты.

ҚазАқпараттың мәліметінше, 2019 жылы 108,8 млрд теңгеге жергілікті атқару органдарының құнды қағаздары алынған.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметіндегі баспасөз мәслихатында Әнуар Омарқожаев: «Бұл қаражат есебінен әкімдіктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен 7-20-25 бағдарламасының қатысушыларына 10 мың 600 кредиттік баспана салып, пайдалануға берді. Биылғы жоспарымыз 101,2 млрд теңге», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі бағытында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылы 527 млрд теңгеге 50,3 мың жеңілдетілген қарыз берген.

«Оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 67 млрд теңгеге 8,6 мың қарыз берілді. Бұл қарыздар мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына жылдық 5%-бен 20% бастапқы жарнамен 20 жылға берілген. Қазіргі уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесінде 1,6 млн келісімшарт бар, ондағы жинақ сомасы 806 млрд теңгеге жетті. Бұл банк теңгемен салынған ұзақмерзімді салымдар бойынша бірінші орында тұр», – деді Басқарма төрағасы.

Соңғы жаңалықтар