Еркін экономикалық аймақ бойынша шартты шығынымыз 2 триллион теңге – Тоқаев

Еркін экономикалық аймақ бойынша шартты шығынымыз 2 триллион теңге – Тоқаев

Еркін экономикалық аймақ бойынша шартты шығынымыз 2 триллион теңге – Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында еліміздің фискальды саясат жаңғыртуды қажет ететінін тілге тиек етті. Президент бұл бағыттың негізгі міндеті – бюджетке қаржының тұрақты түсуін қамтамасыз ету, ұлттық кірісті әділетті бөлу, экономикалық өсімнің сапасы мен құрылымын жақсарту екенін баса айтты. Микро және шағын бизнесті салықтан босату оның дамуына тың серпін беретінін атап көрсетті. Бірақ жаппай салықтан босату айтарлықтай теріс әсер беруі мүмкін екенін ескертті. – Еркін экономикалық аймақ бойынша ғана шартты шығынымыз 2 триллион теңгеге жуық. 13 еркін экономикалық аймақтың құрылымына бюджеттен қосымша 340 миллиард теңге бөлінді. Осы аралықта еркін экономикалық аймақтан 170 миллиард теңге ғана салық жиналды. Бар-жоғы 18 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Еркін экономикалық аймақтың барлығында сапалы толықтыру проблемасы бар, яғни, басқарылуы дұрыс емес. Үкіметке ұсынылатын салықтық преференциялардың барлық спектрінің тиімділігі мен мақсаттылығына талдау жасауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сонымен қатар, ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды.