24 Қаңтар, 10:37 419 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

Вашингтонда әл-Фараби мен Абай бейнеленген монеталар мен маркалар шығарылды

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.

Сонымен қатар елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, биыл ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды. Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ американдық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

Соңғы жаңалықтар