23 Қаңтар 2020, 18:06 946 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Көкшетаулық студент университеттің 6-қабатынан секіріп кетті

Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университет студенті суицид жасамақ болды. 

NewTimes.kz ақпараты сүйенсек, жас жігіт ғимараттың 6-қабатынан секіріп кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жігіттің ешкімге бой бермей жатқанын аңғаруға болады. Студент жан-жаққа тербеліп жатыр. Қатты айғайлар естілуде.

Бейнеролик тоқтап қалғанымен, жазба авторы жігіттің ақырында секіріп кеткенін мәлімдеді.

"Бұл сұмдық. Жігіт Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің терезесінен құлап кетті. Анық-қанығы тексеріліп жатыр", -дейді куәгер.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде оқиғаның бүгін болғанын хабарлады.

"Сағат 12:15- те белгісіз біреу 2001 жылы туған студенттің алтыншы қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлама жіберді",- деді ведомствода.

Қазір студент жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Тэгтер суицид

Соңғы жаңалықтар