21 Қаңтар, 13:36 346 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бүгін «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі Омбыда көрсетіледі

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Бүгін Омбы қаласының тұрғындарына Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі ұсынылады, – деп хабарлады «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі.

«2020 жылдың 21 қаңтар күні Омбы қаласының «Вавилон» кино орталығында Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетіледі. Кинотуындының көрсетіліміне Омбы қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған» делінген ресми ақпаратта.

Тарихи фильм көрерменге қазақ тілінде ұсынылмақ. Бұл туынды Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде жазылған «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі. Фильмде XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандар билік құрған кезеңдер қамтылған. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев.

«Қазақ хандығы» жобасының идея авторы – Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар