11 Желтоқсан, 14:05 386 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Мереке қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Елімізде желтоқсан мерекелері қарсаңында (Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл) қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Баспасөз қызметі хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, мереке күндері екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосылады, олар:
• №6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» бағыты бойынша 2019 жыдың 17 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 7 қаңтар күндері;
• №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсан және 2020 жылдың 4 қаңтар күндері;
• №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыты бойынша 2019 жылдың 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 3, 4, 7 қаңтар күндері.

Сонымен қатар, «Алматы-Новосібір» бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні.

Айта кетейік, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндеріне орай төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша пойыздарды іске қосқан болатын.

Пойыздардың қозғалыс кестесі жөнінде толық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметі арқылы білуге болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Соңғы жаңалықтар