11 Желтоқсан, 12:50 390 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Субсидия қаржысын жымқырғаны қалай?

Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі құс фабрикасының директоры Ерік Біләлов пен оның бас есепшісі мемлекеттен субсидия ретінде бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.

Oблыстағы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жылына шамамен 100 миллион жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тексергеннен кейін басшысы мен бас есепшісі күдікке ілінді, делінген КТК арнасының хабарында. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Рахым Мақажанов: «Сомасы – 534 миллион теңге. Субсидия ақшасын жымқыру фактісі бар. Бірақ күдіктілер қамауға алынған жоқ. Оларға айып та тағылған жоқ. Сот алды тергеу амалдарынан кейін істің анық-қанығы белгілі болады», – деді.

Соңғы жаңалықтар