5 Желтоқсан, 19:50 358 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Еліміздегі «Сбербанктің» басшысы ауысты

«Сбербанк» АҚ ЕБ басқармасына жаңа төраға тағайындалды. Бүгінге дейін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Елдар Теңізбаев жаңа басшы міндетіне 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап кіріседі. Бұл туралы Қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Отыздан енді асқан Елдар Теңізбаев «Қазақстанның даму банкі», «БРК-Лизинг» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ сынды бірқатар ұйымдарда жұмыс істеген. «Сбербанк» құрылымында 2012 жылдан бастап еңбек етеді. Елдар Теңізбаев Республикалық физика-математикалық мектебін, сондай-ақ Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Cass Business School, City University London бітірген. Қаржы және халықаралық бухгалтерлік есеп саласында MBA және MSc дәрежесі бар, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Айта кетейік, «Сбербанк» АҚ еншілес банкін соңғы 7 жылда Александр Камалов басқарып келді.

Соңғы жаңалықтар