4 Желтоқсан, 16:13 429 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қ.Тоқаевтың қос билікке қатысты пікірі

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына сұхбат берді. Журналист Жанна Немцова Президентке еліміздегі саяси либерализация, Ресей мен Қытай қарым-қатынасы, қазіргі экономикалық саясат, латын әліпбиі, елдегі митингілер және тағы басқа тақырып төңірегінде сауал қойып, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы жайлы сұрады.

«Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның негізін қалаушы, Ұлт көшбасшысы, Мемлекет басшысы, Жоғары әскери қолбасшы, зор құрметке лайық тұлға. Арамызда ешқандай қайшылық жоқ, кей кездері Нұрсұлтан Әбішұлынан кеңес алып отыратынымды жасырмаймын. Десе де, бұл – қос билік дегенді білдірмейді», – деп жауап берді Қ.Тоқаев.

DW елорданың атауын ауыстыруға қатысты Президенттің пікірін сұраған еді, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ол – Қазақстанның негізін қалаушы, осы уақытқа дейін елі үшін атқарған орасан еңбегі мен қызметі лайықты жауап беруіміз керек. Астананың атауын өзгертуге, басқа нысандарға Елбасының атын беруге Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қарсы болды», – деді Президент. «Тұңғыш Президентіміздің өкілеттігі тоқтағаннан кейін елордаға жаңа атау бердік. Жаңа Президент ретінде бұл ұсынысты өзім тастадым. Еліміздің бас қаласына алғаш қоныс аударған кезде, ол кеңестік кезеңдегі шағын елдімекендердің бірі ғана болатын. Елорданы Целиноградқа ауыстыру батыл әрі геосаяси шешім болды. Астананың қазіргі ахуалы айтарлықтай өзгерді. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор».

Соңғы жаңалықтар