Президент Ақмола облысындағы мал жаятын жер тапшылығына назар аударды

Президент Ақмола облысындағы мал жаятын жер тапшылығына назар аударды

Президент Ақмола облысындағы мал жаятын жер тапшылығына назар аударды
ашық дереккөзі
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте өңірдегі мал жаятын жер тапшылығы туралы айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  «Облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 млн га, соның 88% пайдаланылып отыр. Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, облыста 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілгенін айтты. «Өңірде елеулі өзгерістер болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді», - деді Қ.Тоқаев.