Ғарыш саласындағы оң істер

Ғарыш саласындағы оң істер

Ғарыш саласындағы оң істер
ашық дереккөзі
«Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарыш бесігі». Елордада дәл осындай атаумен халықаралық форум өтті. Осымен жетінші рет ұйымдастырылған шараға әлемнің 25 елі­нен келген ғарыш саласының 650-ден астам сарапшысы қа­тысты. Жиынға қатысушылар Қазақстан­дағы ғарыш саласының жетістіктері мен даму мүмкіндіктері, жаңа аэроға­рыш­тық технологияларды енгізу және Бай­қоңырдағы тарихи өзгерістер жайын­да әңгіме өрбітті. Форумның ашылу салтанатына қатысқан Үкімет бас­шысы Асқар Мамин «Байқоңыр» ғар­ыш айлағы дамудың жаңа кезеңіне өт­кенін айтып өтті. Одан бөлек Премьер-министр Қазақстанның бай­ланыс ғарыш жүйелерін қаржылан­дыру­ды 300 млн долларға дейін жеткізу ту­ралы жоспарымен бөлісті. Айта кетейік, жуық арада Байқоңыр ғарыш ай­лағында «Бәйтерек» экологиялық қауіп­сіз ғарыш зымыран кешенін құру бойынша арнайы жобаны жүзеге асыру жұмыстары бастау алмақ. Еліміздің ғарыш саласындағы бас­ты жетістіктерінің бірі – ғарыш ап­­параттарын құрастыру-сынау кеше­ні. Бү­гінде кешен құрылысының аяқтал­ғаны туралы актіге қол қойылды. Енді аталған кешен қазақстандық ғарыш са­ласын жаңа деңгейге көтеру үшін қыз­мет етпек. «Бүгінгі күні Қазақстанда екі телекоммуникациялық спутник жұ­мыс істейді. Біз осы саладағы мүм­кіндіктерімізді одан ары дамытуды көздеудеміз. Кеше ғана құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталды, яғни 2020 жылы біз өз спутнигіміздің жобасын жасап, өндіруге кірісу арқылы жаңа деңгейге көтерілуді жоспарлап отырмыз. Бұл – Қазақстанның әлемдік ғарыш қауымдастығының толыққанды мүшесі ретіндегі бастамасы», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.