12 Қараша, 10:06 307 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыда жыл басынан бері 410 қалта ұрысы ұсталды

Заңсыз ұялы телефон сатудан көше саудасы әлі де қызып тұр. Көк базар аумағын торуылдап жүрген сатып алушылар телефонның, тіпті сіздің де құжатыңызды сұрамайды. Айтуларынша бұғатқа түскен құрылғыны ашу олар үшін еш қиындық тудырмайтын көрінеді. Ал, тұрғындар ұрланған қалта телефондарының көбі осындай жерде саудалануы мүмкін дейді. Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлады.

«Жалпы ұялы телефон сатып алғанда жеке куәлігін талап ету керек шығар. Қорапсыз сатып алсаңда қауіпсіздікті ойлау керек. Жалпы, қолды болған байланыс құралдары осындай орындарда сатылатын шығар», - деді тұрғындардың бірі.

«Иә, күнде өткенде «телефон сатасыз ба?» деп сұрап тұрады осындағылар», - деді келесі бір тұрғын.

Биыл Алматы қаласы бойынша өзгенің мүлкін ұрлау фактісімен 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалыпты. Негізінен тұрғындардан ұялы телефонын ұрлатып алғаны жөнінде арыз-шағым көп түседі дейді полиция өкілдері.

«Жыл басынан бері ұялы телефондарды қолды еткен 410 қалта ұрылары ұсталды. Олар көбінесе қоғамдық орындарда және көліктерде арам ойын жүзеге асырады. Біз жыл басынан бері 40 арнайы операция ұйымдастырдық. Оның ішінде телефон сататын сауда дүкендері де бар», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Соңғы жаңалықтар