30 Қазан 2019, 22:21 696 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Израиль Қазақстандағы елшілігін жапты

Израиль мемлекеті сол елдің Қаржы министрлігінің шешіміне байланысты Қазақстандағы және басқа да елдердегі елшіліктерін жабады. Бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда Израиль елшіліктері мен консулдықтарында азаматтарға ешқандай қызмет көрсетілмейді, яғни миссияға кіруге тыйым салынады.

"Израиль Қаржы министрлігінің 2019 жылдың 21 шілдесінде Қаржы министрлігінің Бас директоры қол қойған және қол қойылған келісімдерді бұзу және Израиль мемлекетінің шет елдердегі елшілеріне біржақты түрде жүгіну туралы шешіміне байланысты, бұрыннан қалыптасқан тәртіпті өзгерте отырып, біз Израильдің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерін жабуға мәжбүр болдық", - деп хабарланған министрлік сайтында.

Израильдің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сүйенсек, сол елдің Қаржы министрлігі басқа таңдау жасауға мүмкіндік бермеген. Өйткені оның әрекеттері осы жұмысты табысты жүргізуге қажетті қаражат пен құралдарға кесірін тигізіп отыр. 

"Бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенеміз", - деп түсіндірді сыртқы саясатқа жауапты бас ведомство.

Соңғы жаңалықтар