Алматыда сауда үйінен ноутбук ұрлаған бойжеткен ұсталды

Алматыда сауда үйінен ноутбук ұрлаған бойжеткен ұсталды

Алматыда сауда үйінен ноутбук ұрлаған бойжеткен ұсталды
ашық дереккөзі

Алматы полицейлері сауда үйінде ноутбуктарды ұрлау кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған қызды ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

"Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Lenovo маркалы екі ноутбукты ұрлаған жас қыздың суреті жарияланды. Ұрлықшы осылайша дүкенге 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ол бұндай қылмысты ірі сауда үйіндегі электроника және тұрмыстық техника дүкендерінде жасаған", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Маманның мәліметінше, ұрлықшының кім екені анықталды. Ол Алматы облысының тумасы,1999 жылы туған Т. есімді азамат болып шықты. Бұл қыздың Алматы қаласында тұратыны, бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмағаны белгілі болды. Ұрлықшы қыз ұсталды. Қазір тергеу оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қылмыстық кодекстің 188 –ші (Ұрлық) бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.