7 Қазан, 12:55 247 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Нью-Йорк соты Әбілязовқа қатысты қандай шешім қабылдады?

Нью-Йорктегі сот қарауы бұдан төрт жыл бұрын Алматы қаласы әкімдігінің және ортақ талапкер БТА Банктің Мұхтар Әбілязов пен оның қылмыстық сыбайластарын Құрама Штаттарда ұрланған ақша қаражатының ізін жасырды деп айыптаған талап-арызы бойынша қозғалған болатын.

Сол кезден бері Алматы әкімдігі Әбілязовтың жасаған қылмыстарын растайтын елеулі дәлелдемелер жинады, сондай-ақ сол қылмыстардың көптеген куәларының жауаптарын алды. Қараудың сотқа дейінгі сатысы қазіргі уақытта аяқталуға жақын, және Алматы әкімдігі АҚШ алқабилер сотының алдындағы сот қарауы 2020 жылы өтеді деп санайды.

Нью-Йорк сотының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі шешімі осы сот қарауын едәуір жеңілдетеді. Бұл іс 2015 жылы бірінші рет қозғалған кезде Алматы әкімдігі және ортақ талапкер БТА Банк талаптарының қатарына Нью-Йорктегі Flatotel деген атпен белгілі жылжымайтын мүлікті қайтаруға негізделген «алаяқтық жолмен табыстау» туралы талап-арызын қосқан.

Әбілязов пен оның сыбайластары Алматы әкімдігінің активтерін қайтаруын болдырмау мақсатында 2014 жылы бұл мүлікті сатып жіберген. Нью-Йорк судьясы өзінің шешімінде «алаяқтық жолмен табыстау туралы талап-арыздың мәні іс аяқталғанда Алматы әкімдігі мен ортақ талапкер БТА Банк жеңіске жеткен жағдайда сот шешімін орындау үшін Flatotel-ге қол жетімділікті қамтамасыз етуде» деп түсіндірді. Алайда, бізге белгілі болғандай, 2015 жылдың соңында Алматы әкімдігі және ортақ талапкер БТА Банк Нью-Йорк сәулет ғимаратын салушысының меншігіндегі жылжымайтын мүлікті өзіне сәтті түрде қайтарып алған. Сондықтан осы аптада судья талапкерлер бұл талап-арызды өз мүлігін өзіне қайтарып алу арқылы әлдеқайда жеңіп қойғандықтан алаяқтық жолмен табыстау туралы талап-арыздың қажеті жоқ екендігі туралы шешім қабылдады.

Соттың шешімі қандай да бір басқа талаптарға әсер етпейді және Алматы әкімдігі мен ортақ талапкер БТА Банк іс қараудың соңында алуды үміттеніп отырған залалды өтеуге әсер етпейді.

Одан бөлек, сот шешімі Әбілязовты немесе оның сыбайластарын қолдайтын дәлелдемелерге емес, техникалық құқықтық мәселеге негізделген. Алматы әкімдігі мен ортақ талапкер БТА Банк баяғысынша алқабилер Әбілязов пен оның сыбайластарының осы қылмыстарды жасағандығына көздері жетіп, оған қоса талапкерлерге ақша қаражаттарын, соның ішінде талапкерлер істің басында сәтті түрде тыйым салған ондаған миллион долларды қайтаратындығына сенімді.

Дереккөз: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар