4 Қазан, 10:50 506 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Баланы ұруға тыйым салатын заң қабылданады

Шотландияда ата-ананың баланы шапалақпен ұруына тыйым салынбақ. Бұл Біріккен корольдік құрамындағы елдер арасындағы алғашқы тәжірибе, деп жазады Daily Mail басылымы.

Бұл заң жобасын өңірлік парламентте 84 адам қолдаған, тағы 29-ы қарсы шыққан. Жарғы корольдік рұқсатын алған соң бір жылдан кейін күшіне енеді.

Заң жобасын енгізген Шотландиядағы Жасылдар партиясының мүшесі Джон Финни бұл балалардың құқығын қорғаудағы батыл қадам болды деген ойда.

«Бұл шешуші әрі батыл қадам болды. Балалар үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықтан қорғалуы керек», - деді ол.

Ұлыбританияда ата-аналар тәртіп үшін баласын шапалақпен салып қала алады. Дегенмен мектептерде балаға күш көрсетуге тыйым салынған.

Бұл заңды қолдаушылардың айтуынша, баланы шапалақпен тартып жіберген кезде ол әлсіз күйде қалады. Ал заңға қарсы шығып, баланы осы әдіспен тәрбиелеймін деген ата-аналар енді зардап шегетін болады деген ойда.

Соңғы жаңалықтар