3 Қазан, 11:10 404 0 Тұлға Túrkistan Gazeti

Қали Сәрсенбай күміс медальмен марапатталды

Руханият саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан  «Алматы Ақшамы» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану Ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы күміс медаліне ие болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қали Сәрсенбайдың қазақ рухани кеңістігінде өз мәнері бар қаламгер екенін көпшілік қауым жақсы біледі.

Әріптесіміздің абыройы асып, шет елдегі өзіндік орны бар үлкен Ғылым академиясының елеулі марапатын қанжығасына байлап отырғаны қазақ баспасөзінің де үлкен қуанышы. Сондықтан да Ресей Жаратылыстану Ғылым академиясы Президиумының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі №292 шешімімен И.А.Бунин атындағы Күміс медальмен марапатталуымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Соңғы жаңалықтар