1 Қазан, 10:22 482 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Әлем Қарттар күнін атап өтуде

Бүгін дүние жүзі бойынша қарттар күні атап өтіледі. Зейнет жасындағы 2 млн-нан аса азаматы бар Қазақстан да бұл атаулы күнді елеусіз қалдырған емес.

Әр жыл сайын зейнеткерлерге әлеуметтік бір реттік көмек көрсетіледі. Осы жылы ол 6313 теңгені құрайды. Мерекеге орай фотокөрме, флешмоб, арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады. Ардагерлердің ғұмыр бойы жасаған еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке өз деңгейінде аталып өтіледі. Осыған орай Жастар сарайында қарияларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылған.

Қазақстанда қарияларға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайды. Сондай-ақ қарттар үйіндегі қарияларға да ерекше қолдау көрсетіліп, мерекелік іс-шара болады. Қазіргі уақытта әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмек те тиісінше көрсетілуде.

 

Соңғы жаңалықтар