23 Қыркүйек, 14:39 476 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Заңсыз митингтер: Полиция 100-ге жуық адамды ұстады

Кеше еліміздің бірнеше қаласында өткен заңсыз митингтер кезінде 100-ге жуық адам ұсталған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет кулуарында мәлімдеді.

«21 қыркүйекте заңсыз митингілер өткізілген жерлерге полиция жасағы қойылып, алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сол күні ішкі істер органдарына 100-ге жуық адам жеткізілді. Олардың 15-і әкімшілік жауапқа, 9-ы әкімшілік тұтқындауға, 6-ауы әкімшілік айыппұлға тартылды. Қалғандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үйлеріне жіберілді», - дейді Тұрғымбаев.

Сонымен қатар министр еліміздің 7-8 қаласында рұқсат етілмеген митингілер өткенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 21 қыркүйекте еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингілер өткен еді.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы елордада заңсыз митингілер кезінде 50-ге тарта адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар