17 Қыркүйек, 14:38 454 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Қанаттың келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның 26 қазанда Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешіндегі қарсыласы анықталды.

«Qazaq promotions» компаниясының instagram парақшасында хабарланғандай, Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі. «Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады. Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында. 2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездескен», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам өзінің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін жариялаған болатын. «Келесі жекпе-жек 26 қазанға жоспарланды. Оған жауапкершілік те үлкен. Осында АҚШ-тан менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес келді. Сол кісінің арқасында мен кәсіпқой боксты біліп, таныдым. Америкада әрдайым қолдап жүрді. Алматыда бақ сынағымыз келеді. Мақсатымыз – елімізді, әсем қаламыз бен оның табиғатын мақтанышпен таныту», - деді боксшы YouTube-тегі Qazaq Promotion каналында жарияланған видеода.

Соңғы жаңалықтар