12 Қыркүйек, 10:41 522 0 Өндіріс Túrkіstan International Political Weekly

Жаңа маусым! Жаңа белес!

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Astana Media Week» апталығы аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа 2019-2020 жылғы телевизиялық маусым өнімдерінің таныстырылымын өткізді.

«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай ұлттық арнаның 61-ші маусымы ашылатынын еске салды және жаңа жобалар жөнінде баяндады.

«Біз бірінші кезекте тікелей эфирде, боямасыз, көпшіліктің қатысуымен өтетін жобаларды көбейттік. Мақсат - талапшыл да сыншыл аудиториямыздың сұранысына жауап беру. Мысалы, дәл бүгін қоғамда қызу талқыланған мәселені күн сайын кешкісін сағат 20:30-да Ұлттық арнада тікелей эфирде шығатын «Ashyq alañ»-нан көре аласыздар. «Ashyq alañ»-да қоғам өкілдері мен Үкіметтің түрлі буындарындағы жауапты тұлғалар кездесіп, мәселені ашық талқылайды. Бұған көрермендеріміз белсенді түрде атсалысып жатыр», - деді Корпорация басшысы.

Сонымен бірге, бұл маусымда эфирге шыққан «Niet» жобасының ерекше маңызды екенін жеткізді.

«Байқасаңыздар, біздің қоғамда түрлі көмекке мұқтаж адам көп, сонымен қоса, көмектескісі келетіндер де жеткілікті. Тек жолдарын біле бермейді. Міне, сондай адамдарды біріктіретін «Niet» әлеуметтік жобасын ашудағы мақсатымыз – сапалы телевизиялық шоу жасау ғана емес, кез келген қиын жағдайдан бірлесе шығуға мүмкіндік бар екенін көрсету. Бағдарламаның алғашқы эфирінде науқас сәбиді шетелге емдеуге жіберсек, келесі санында көпбалалы, жалғызбасты ана пәтерге ие болды. Біз ақша жинамаймыз, студияға келген адамға бағдарламаны көріп отырған әр қазақстандық көмек көрсете алады», - деді Л.Танысбай.

TNS Central Asia зерттеу компаниясының деректері бойынша «Qazaqstan» Ұлттық арнасының рейтингтік көрсеткіштері көктеммен салыстырғанда 121 пайызға өскен.

«Рейтингтің көтерілуі - бүкіл ұжымның жаз бойғы тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Қара шаңырақтағы сабақтастықты сақтау - біздің парызымыз. Бұл маусымда 14 жаңа жобаның тұсауын кессек, көрерменнің жоғары бағасына ие болған 10 бағдарлама жалғасын табады. «Tañsholpan», «Dara jol», «Mа́sele», «Parasat maidany» сияқты бағдарламаларды да қайта ұсынып отырмыз. Саламыздың басшысы министр мырза алдымызға үлкен талап қойып отыр. Қазақы рухани құндылықтарды сақтай отырып, нарықтық нәтижелерге, бәсекелестікке көңіл бөлуіміз керек», - деді телекорпорация басшысы.

Күзгі маусымда қазақ телевизиясының нағыз мэтрі атанған белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы ұлттық арна эфиріне оралады. «Nur Tileý» бағдарламасы 12 қыркүйек күні жарыққа шыққалы отыр. Сондай-ақ, телевизия саласында 20 жылдан астам тәжірибесімен қоса, өзіндік қолтаңбасы бар тележурналист Жайна Сламбек «Apta» бағдарламасын тізгіндедеді.

Соңғы жаңалықтар