10 Қыркүйек, 17:04 413 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Елімізде 507 мың азаматтың 630 мың несиесі өтелген

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Светлана Жакупова Орталық коммуникациялар қызметінде ел азаматтарының борыш жүктемесін азайту шараларын халыққа түсіндіру мақсатында  өткен баспасөз конференциясында айтты.

Вице-министрдің айтуынша бүгінгі таңда елімізде 507 мың азаматқа 630 мың несие өтелген. Себебі бір адамның басында бірнеше берешек болған. Ал оған мемлекет есебінен 105 млрд 174 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар Светлана Жакупова Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтар үшін бір реттік акция тәртібінде мемлекет жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейін негізгі борышты және ол бойынша есептелген өтемақыны төлейді. 300 мың теңгеден асатын қарызы барлар 300 мың теңге көлемінде қарызының бір бөлігін өтейді.

«Бұл ретте, олардың жалпы қарызы ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиіс», - деп мәлімдеді Светлана Жакупова.

Тэгтер Несие

Соңғы жаңалықтар