Қ.Тоқаевтың жолдауында қандай мәселе айтылады?

Қ.Тоқаевтың жолдауында қандай мәселе айтылады?

Қ.Тоқаевтың жолдауында қандай мәселе айтылады?
ашық дереккөзі
Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Facebook-тегі жеке парақшасында: "Дәстүр бойынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады. Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұсыныстары мен бастамалары да айтылады деп ойлаймын. Президент бұған дейін де, құжатта еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмалар болатынын айтқан еді", – деді Берік Уәли. Сондай-ақ, ол Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы Парламент мүшелері үшін де, жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенімді екенін айтты.
Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көрсетіледі.