2 Қыркүйек, 10:14 319 0 Көлік Túrkіstan International Political Weekly

Жезл қайта жолға шықты

Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады. ҚР  ІІМ баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады.

1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлеріне жезл қайтарылды. Ведомство өкілдері ол тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылатын хабарлады.

"Жезл әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ, көлік құралдарын мынадай жағдайларда бағыттау үшін пайдаланылады:

- жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, оның ішінде бағдаршамдар сөнгенде;

- көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;

- терроризмге қарсы операцияларды және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұрады. Сондай-ақ, олар қосымша сигнал беру үшін ысқырғыш пайдаланады. Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі олар бар.

Еске салсақ, қазақстандық полицейлер жезлды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануды тоқтатқан. Содан бері олар көлікті қолмен тоқтататын.

Соңғы жаңалықтар