30 Тамыз, 14:47 543 0 Аймақ Túrkistan Gazeti

Түркістанда 700-ге жуық отбасы баспаналы болды

Бүгін ҚР Конституция күніне орай Түркістанда 700-ге тарта отбасы баспаналы болды.  Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа пәтер иелерінің қуанышымен бөлісіп, мерекемен құттықтады. 

Салтанатты шарада аймақ басшысы түркістандық отбасыларға пәтер кілтін табыстады.  Айта кетейік, «Отырар» ықшам ауданында салынған көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Жаңа баспана иелері 5 қабатты 11 тұрғын үйге қоныстанды. Бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі 165 пәтер және 3 бөлмелі 330 пәтер тұрғындарға тапсырылып, 660 отбасы жаңа баспанаға кіретін болды.

Пәтер иелері атанғандар – кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтар. Қолданысқа берілген бұл көп қабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымдары толықтай ретке келтірілген. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әрленген. Аталған шара соңында жиналған көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті билік өкілдері жыл соңына дейін тағы да қала тұрғындарына 5 қабатты 9 тұрғын үй тапсырылады деп жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар