29 Тамыз, 11:18 744 0 Өнер Túrkistan Gazeti

«ТҮРКСОЙ» Жастар камералық оркестрі өнер көрсетті

Түркістан облысында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында өтті.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында отандық және шетелдік өнерпаздар түркістандық көрермендер алдында алғаш рет өнер көрсетті. Концерт барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өнерпаздарға сәттілік тілей отырып, Татарстанның Халық артисі, біздің жерлесіміз, Түркістанның тумасы, дирижер Ренат Салаватовты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Елбасымыздың бастамасымен облыс атауы «Түркістан облысы» болып өзгертіліп, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында «Жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет» деген болатын.  Биыл да сол дәстүрді жалғастырып, ТҮРКСОЙ Жастар ка­мералық оркестрінің кезекті концерт­тік турнесі 2017 жылғы «Түркі әлемінің мә­дени астанасы» – Түркістан қаласында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш концерттік турне Қазақстанның Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында, Қырғызстанның Бішкек және Әзірбайжанның Баку қаласында жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар