14 Тамыз, 17:35 230 0 Әлеумет Túrkistan Gazeti

Қазақстанда шілдедегі орташа жалақы көлемі белгілі болды

Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2019 жылдың шілде айында бағалау бойынша 186 221 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысының көлемі 2019 жылдың маусым айында бағалау бойынша 99,003 теңгені құрады.

Нақты айтқанда, халықтың кірісі 2018 жылдың маусым айымен салыстырғанда 9,4%, нақты көрсеткіште 3,8% өсті. Халықтың атаулы ақшалай табысының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтудан түскен табыс 71,1%, әлеуметтік аударымдар түріндегі табыс 17%, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер 11,1% және басқа ақшалай кірістер 0,8% құрады.

Соңғы жаңалықтар