13 Тамыз, 17:37 226 0 Туризм Túrkistan Gazeti

Қырғызстанда Алтай қоғамдастығының VIII Халықаралық симпозиумы өтеді

19-23 тамыз күндері Қырғызстанда Алтай қоғамдастығының VIII Халықаралық симпозиумы өтеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Қырғыз Республикасы Президентінің әкімшілігі ұйымдастырып отырған шара Ыстықкөл жағасында болады. «Мал шаруашылығы және мал өсіру мәдениеті» тақырыбында өтетін симпозиумға Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей және Еуропа елдерінен 200-ге тарта ғалым қатысады.

Соңғы жаңалықтар